Қоғам • 14 Маусым, 2022

Жалдау төлемдерін субсидиялау – 19 мыңнан аса өтінім

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында бүгінгі таңда азаматтардың жекелеген санаттарының мәселелерін шешуді жеделдету мақсатында жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялау тетігі іске асырылуда.

Жалдау төлемдерін субсидиялау – 19 мыңнан аса өтінім

Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министрлігі баспасөз қыз­метінің мәліметінше, 2022 жылғы 7 маусымдағы жағдай бо­йын­­ша берілген өтінімдер саны – 19 285, олардың 4 750-і
мақұлданды.

10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себептері әр түрлі. Олардың көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген. Өтінім қабыл­данбауының жиі кездесетін себептері: жеке куә­лігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы, үй кезегіне тіркелмегені, Мемлекеттік кі­рістер комитетінде қарызының болуы, оларға төлем талабы-өкімдерінің берілгені. Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында:

  • Алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бо­йынша – 836,
  • Табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782,
  • Қатысушының өзі күшін жойғандар – 1 887 және т.б

Еске сала кетейік, жалдау тө­лем­дерін субсидиялау бағдар­ла­ма­сы биылғы 18 сәуірде іске қосылған болатын.