Саясат • 15 Маусым, 2022

БҰҰ Қазақстандағы реформаларды қолдайды

921 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанда қолға алынған саяси реформалардың өркениетті елдерге тән екеніне күмән келтірмейді. Бұл туралы ұйым Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мұхаммад Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

БҰҰ Қазақстандағы реформаларды қолдайды

«Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті отыз жылдан астам уақыт бедерінде дамудың дұрыс бағытын таңдай білді. Сондықтан да елде қолға алынып жатқан саяси реформаларды біздің ұйым қос қолдап қолдайды. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесудің сәті түсті. Жүздесу барысында Президент елде тәуелсіз мемлекетті дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызын түсіндіріп, алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Елдегі жалпыхалықтық референдумның сәтті өткенінен де хабардармыз. Қысқасы, БҰҰ Қазақстандағы қолға алынған барлық жұмысты қуаттайды.

Елдегі саяси реформалар жиынтығы адам құқықтары бойынша халықаралық нормалар мен стандарттарға сай жүзеге асырылатындығына сенемін. Билік азаматтық қоғаммен бірлесіп, ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруы керек. Өйткені азаматтық қоғаммен байланыс қай кезде де үзілмеуі тиіс», деді БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары өз ойын білдіріп.

Кездесу барысында өзге де мәселелер бойынша пікір білдірген Амина Мұхаммад елдегі реформалар қазақстандықтардың көңілінен шығатындығына сенім білдірді.