Қазақстан • 15 Маусым, 2022

Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті

904 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті

Жиынға ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Маржан Әкімжанова, ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Сәуле Кисикова, Республикалық ұлттық орталықтардың қызметкерлері және Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасының, сонымен қатар медициналық орталықтың, ведомстволық мекемелердің қызметкерлері қатысты.

ж

Жиында Маржан Әкімжанова  дәрігерлерді мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Сәуле Кисикова өз кезегінде барша дәрігерлерге ризашылығын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Салтанатты жиында денсаулық сақтау саласында қызмет істеп жүрген дәрігерлер «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы», Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Құрмет грамоталарымен» және алғыс хаттарымен марапатталды.