Пікір • 17 Маусым, 2022

Көп үміт күтеміз

381 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ халқы үшін ұлт ұя­сы атанып кеткен Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың алғаш­қы отырысының өтуі өте құп­тарлық жағдай деуге негіз бар. Өйткені үш жүздің басын қосқан, тарихпен та­мырлас өңірде қазақ елі үшін талай-талай ең маңызды шешімдер қабылданғанын тарихтан жақсы білеміз.

Көп үміт күтеміз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халық­қа арнаған Жолдауында да Ұлытаудың тәуелсіз Қазақ­стан үшін орны бөлек өңір екенін атап өткен болатын. Расында да, солай екеніне ешкім күмән келтірмес.

Ұлттық құрылтайдың құрылғаны еліміз үшін ең маңызды әрі тарихи оқиға деп толыққанды айтуға болады. Өйткені Президент жанынан құрылған бұл консультативтік органның мақ­сат-міндеттері дала демо­кра­тиясының қағидаттарына сай келіп тұр. Жалпы, мұн­дай басқосуларда елдік мәсе­лелер назардан тыс қалмай­тыны әлімсақтан аян. Неге десе­ңіз, тарихтан тамыр тарт­қан шаһардағы Ұлттық құрыл­тайдан әлеумет ма­ңыз­ды шешімдер күтетіні айтпаса да түсінікті.

Бір белгілісі, үлкен ау­қым­дағы құрылтай ішкі және сыртқы саясатты түгел­дей қам­титыны талас тудыр­май­ды. Сарапшы ретінде елі­­мізден бастап, халық­ара­лық деңгейдегі мәселе­лер қай кезде де маңызды еке­нін сезінемін. Әлбетте, бірін­ші кезекте жиналған­дар өз пі­кірін айта жатар. Қалай де­сек те, менің ойым­ша, бі­рін­­ші кезекте адам құқық­тар­ын қорғау, әлеуметтің жағ­­дайын оңалту, мемлекет­тің тұ­рақ­тылығын қалыптас­тыру, ұлттық қауіпсіздік мә­се­лелеріне дейін қамтылуға тиіс.

Ұлттық құрылтайда өзекті мә­селелер айтылып қана қоймай, қоғамдағы келең­сіз­діктердің оң шешім табуына септеседі. Қысқасы, Қазақ елі үшін тағдыршешті кезеңде қолға алынған Ұлттық құ­рыл­тайдың алғашқы отыры­сы мемлекеттің, елдің бола­шағының жарқын болуына жол ашса деген тілек бар.

 

Марат БӘШІМОВ,

Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры