Біріншіден, жаңадан құрылған үш облыс үш түрлі бағытта дамыса дедім. Мәселен, облыстың бірі денсаулық саласын мықтап қолға алса, екіншісінде, білім саласы қарыштаса, ал үшіншісінде, бизнес қанат жайса, игі болар еді. Әр өңірдің мүмкіндігіне қарай осы жағдайларды тиімді пайдалануға болатынын айтқым келеді.
Бұдан бөлек осы облыстардағы аудан орталықтары мен кейбір ауылдарды үлгілік нұсқа ретінде салықтардан боса-
тып, еркін экономикалық аймақ ашсақ.
Сол үлгіге алынған моноқалалар мен ауылдарда шағын және орта бизнесті дамытып, Еуропадағыдай көркейген елді мекендерді ашуға болады. Батыстың тәжірибесіне сүйене отырып, жерінің асты бай, даласы кең Қазақстанда мұндай мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға болатынын айтқым келеді. Құрылтай – мүмкіндіктер мен ұсыныс алаңы! Сөзіміз іс жүзінде көрініс тапсын.
Сырымбек ТАУ,
кәсіпкер, Daco-Motors ЖШС директоры