Экология • 17 Маусым, 2022

Қоқыс үйінділері спутник арқылы табылып жатыр

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылдан бастап еліміздің 39 елді мекеніне, соның ішінде Алматы қаласына да ғарыш мониторингі жүргізіліп келеді. Ғарыштық мониторинг қала бойынша қоқыс қалдықтары жиналатын орындарды анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоқыс үйінділері спутник арқылы табылып жатыр

Геосервис қоқыстың орнын, түрін, уақытын анықтап, мамандар тиісті түсініктеме енгізе алады.

Айта кетсек, өткен жылы аталған геопорталдың көмегімен 17 қоқыс үйіндісі тіркелген, ал осы жылдың басынан бері Түрксіб және Медеу аудандарында 10 стихиялы қоқыс орны анықталған.

Жергілікті әкімдіктер анықталған аумақтарда тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қоқыс орындарын анықтау үшін қала әкімдігі экология департаменті, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы, аудан әкімдіктері мен «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы мамандарынан жасақталған арнайы жұмыс тобын құрды.

Жыл басынан бері жұмыс тобы 37 стихиялы қоқыс орнын анықтай алды. Нәтижесінде, оның 32-сі жойылды, қалған 5 орында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

бл