Аймақтар • 17 Маусым, 2022

Абай облысына халықаралық қандастар делегациясы келді

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңадан құрылған Абай облысына тұңғыш халықаралық делегация шетелдегі қандастарымыздың келуімен басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысына халықаралық қандастар делегациясы келді

Рухани сапар «Отандастар Қоры» КЕАҚ-ның ұйымдастыруымен «Киелі Қазақстан» жобасы аясында қолға алынған. Аталған жобаның мақсаты - шетелде тұратын жас қандастарымызды тарихи Отанында біріктіру және оларға барынша қолдау көрсету.

Жобаға Франция, Германия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Иран, Моңғолия, Қырғызстан, Беларусь елдерінен келген белсенді жастарымыз қатысып жатыр.м

Айта кетейік, рухани сапар аясында қандастар делегациясы Шәкәрім университетінде, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық мұражайында кездесулер өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ Абай ауданында орналасқан жер кіндігі «Жидебайға» сапар шегеді.