Медицина • 19 Маусым, 2022

Шараналарға шарапатты озық технологиялар мен скринингтер

282 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елімізде жыл сайын мыңдаған жоғары технологиялық операция­лар жасалып жатады. Оның біразы жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр дертіне шалдыққан пациенттерді бірегей әдістермен емдейтін Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына тиесілі. Аталған перзентхананың өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені бұл орталықты өмірге қиналып келетін сәбилерді сақтап қалудың отандық барометрі деп айтуға болар еді.

Шараналарға шарапатты озық технологиялар мен скринингтер

Неге осы перзентханада барлық нәрестелер арнайы зерт­­теулерден өтеді? Бұл тура­лы Алматы қаласының Перина­тология және балалар кардио­хирургиясы орталығы дирек­торының орынбасары Елена Плужникова егжей-тегжей баян­дап берді. Орталық жыл сайын тәуекел тобына жататын, яғни ауыр экстрагениталды және аку­шерлік патологиясы бар 8 мың­нан астам әйелді босандырып ала­­ды. 2011 жылы құрылғаннан бері 75 мың сәби дүниеге келген, оның 20 мыңнан астамы кесарь тілігі арқылы, 9 мыңға жуығы шала туылған нәрестелер, оның ішінде 1 мыңнан астамы өте төмен, 1 мың грамнан аз салмақпен туған.

Е.Плужникованың айтуынша, орталықта дүниеге келген нәрестелердің барлығы арнайы процедурадан – скринингтен өтеді. 2021 жылы орталықта 9 384 сәби дүниеге келген. Жаңа туған нәрестелерге барлығы үш түрлі скрининг жүргізілсе, сол тексерілулердің екеуінен, яғни есту және туа біткен зат алмасу бұзылыстары скринингінен жаңа туған нәрестелердің барлығы өтеді. Үшіншісі – шала туылған нәрестелердің ретинопатияға скринингі. Алғашқы екі жағдайда скринингтік тексеру орталықта туған нәрестелердің барлығына жүргізілсе, үшінші ретинопатия бойынша жүктіліктің 32 аптасына дейін шала туған нәрестелерге ғана жасалады. Есту скринингі – бала өмірге келген күндерінен бас­тап есту қабілетінің жоға­луына күдіктенуге және қажет болған жағдайда толық тексеруге мүм­кіндік беретін жылдам және ауыртпай тексеру. Есту скри­нингі отоакустикалық эмиссия арқылы жүзеге асырылады. Был­тыр барлық 9 384 жаңа туған нәрес­тенің екеуінде есту қабілеті жоқ екені анықталды.

Сондай-ақ барлық сәби туа біткен заттың бұзылуына тек­серілді. Қуанышқа орай, соңғы бір жылда сәбилерден мұндай кеселдер табылмаған. Осы арада ерекше тоқтала кететін мәселе, шешесінің жүктілік мерзімі 32 аптадан, тіпті одан да ерте мерзімде барлық шала туған шараналар нәрестелер ретинопатия­сы скринингінен өтуге тиіс.

«Айта кететін жайт, ерте босанатын әйелдердің барлығы Алматыдағы жүкті әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін екі мекемеге келеді – Қалалық пери­на­талдық орталыққа және бізге. Осыған сәйкес, қала бойын­ша аталған ұйымдарда рети­нопатияға скрининг жүргізіледі. 2021 жылы екі ауруханада 2 049 шала туған нәресте дүниеге келсе, оның ішінде 1 200 бала ретинопатияға скринингтен өтті. Аталған ауру 1 200 жаңа туған нәрестенің 409-ында бар екені анықталды, 103 балаға ота жасалды», дейді Е.Плужникова.

Сондай-ақ Перинатоло­гия­лық орталықта ұрықтың туа бітті жүрек кінәратына скрининг жүргізіледі, яғни бұл тұрғылықты жері бойынша бірінші скринингтен өткен кезде құрсақтағы шаранада жүрек кеселіне күдігі бар көрсетілімдермен жіберілген жүкті әйелдерге жасалады.

– Барлық әйел жүктілік кезін­де тіркелген емханасында үш скринингтен өтеді. Алғашқы скрининг кезінде жүктіде туа біткен жүрек ақауына қандай да бір күдік анықталса, емхана оны орталықтағы консультативтік-диагностикалық орталыққа жібереді. Жүкті әйел екінші скринингті де бізден өтеді. Егер диагнозы шынымен расталса, ол қайда тұратынына қарамастан осы орталықта босанады, өйткені бізде кардиохирургия бөлімшесі бар, – дейді Е.Плужникова.

Орталықта жүкті әйелдер мен босанатын әйелдерге медициналық көмек көрсету­мен қатар, балаларға да кардио­хирургиялық операциялар жаса­лады. Бұл ретте жеке кардио­хирургиялық реанимациясы бар кардиохирургиялық бөлімше жұмыс істейді. Пациенттердің жасына келсек, мұнда дүниеге шыр етіп келген шаранадан бастап, 17 жасқа дейінгі, яғни салмағы 1,1 килодан 69 килоға дейінгі балалар емделеді. Жыл өткен сайын кардиохирургиялық операциялар саны артып келе жатқанын да атап өткен жөн.

Сонымен медициналық зерт­теулер мен оның құрал-жабдық­тары үздіксіз жетілдіріліп жатқан қазіргі уақытта Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында инновациялық технологиялардың көмегімен қандай операциялар жасалып жатыр? Орталықта, оның ішін­де кардиохирургияда өкпе көктамырларының тұтас ано­мальды дренажын толық қал­пына келтіру, Фонтен операциясы (көктамырдың төменгі қуысы мен өкпе артериясының тармағы арасына анастомоз қою), тіндік имплантты қолдану арқылы қолқа қалпақшасын ауыс­тыру (Росс, Росс-Кон опера­циясы), магистральді тамыр­лардың транспозициясын то­лық қалпына келтіру (Жата­не операциясы), қолқаны анас­томозбен алып резекциялау (қолқа доғасының үзілуі, қолқа доғасының гипоплазиясы) операциялары жасалады. Мұның барлығы адам тағдыры, бала мен ана денсаулығы, ұлт келешегі. Әңгіме әсіресе, жүректің туа біткен ақауларына қатысты болса, қазір кез келген саланың дамуын жоғары технологияларсыз елестету мүмкін емес. Өйткені көбінесе адам өмірін сақтап қалу мен ұзартудың жалғыз мүмкіндігі де осы. Орталықта күрделілік деңгейі жағынан жүректі трансплантациялаудан басқа да барлық операция түрі жасалады. Перинатология және балалар кардиохирургия­сы орталығы ашылғалы бері жүрекке 1 мыңнан астам ашық операция жасалды. Бұл туа біткен жүрек дерті бар балалардың өлім-жітімін азайтуға септесіп отыр.

Орталықтың кардиохирургия бөлімшесінде жыл сайын 150-ден астам операция жасалса, оның 30-дан астамы инновациялық технологияларды қолдану арқылы іске асады.

 

АЛМАТЫ