Әлем • 21 Маусым, 2022

Израиль супермаркеттерінде қазақстандық кәмпиттер сатыла бастады

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан елшілігінің қолдауымен еліміздің тауарларын шетелде ілгерілету аясында израильдік супермаркеттерге алматылық «Рахат» кондитерлік фабрикасының өнімдері келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Израиль супермаркеттерінде қазақстандық кәмпиттер сатыла бастады

Қазақстан елшісі Сатыбалды Бұршақов «Keshet Teamim» супермаркетінде ұйымдастырылған арнайы презентация кезінде Қазақстан кәмпиттерінің елден тыс жерлерде бұрыннан кеңінен танымал екенін және көп жылдан бері дәстүрлі түрде қазақстандық кең дастарханын безендіріп, ұлттық кәдесыйға айналғанын атап өтті.

«Better Choice» израильдік дистрибьюторлық компаниясының директоры Михаил Голдштейн қазақстандық тауарларды Израильге дейін жеткізудің толық логистикалық циклі шамамен 30 күнді құрайтынын хабарлады. Компания импортталатын тауарлар желісін кеңейтуге және жақын арада макарон өнімдері мен салқындатылған сусындарды ірі израильдік супермаркеттердің сөрелеріне жеткізуді де ұйымдастыруға ниетті екенін атап өтті.

М. Голдштейн Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігіне зертханалық процедуралар үшін қазақстандық тауарлардың үлгілерін алуға, сондай-ақ қазақ өндірушілерімен келісімшарттарға қол қоюға көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.