Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық Даму банкі басқармасының төрағасы Игорь Финогеновті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуде банктің еліміздегі жұмысының негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ, оның 2006 жылы Қазақстан мен Ресейде уәкілетті өкілдігі бекітілген кезден бергі қызметінің аралық қорытындылары шығарылды.
Осы жылдар ішінде Қазақстан экономикасына 2 миллиардтан астам доллар салынғаны, электр энергетикасы, көліктік машина жасау, химия өнеркәсібі салаларымен қатар, түрлі салаларда 28 жоба іске асырылғаны атап өтілді. Қазіргі уақытта тағы 28 жоба қаралу үстінде.
Мемлекет басшысы банк жұмысының көрсеткіштері оның дамуының оң динамикасын көрсететінін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев біздің ел банктің өз қызметін кеңейту, капиталын ұлғайту және жаңа мүшелер қосу жөніндегі ниетіне дұрыс қарайтынын айтты.
Өз кезегінде, И.Финогенов банктің Қазақстанда жұмыс істеуі үшін жасалған қолайлы жағдайға ризашылығын білдірді. Ол, сонымен қатар Еуразиялық Даму банкі қызметінің Қазақстанда мемлекеттік және салалық бағдарламалардың аясында жүзеге асырылып жатқан басымдығы бар жобаларға шоғырландырылған негізгі бағыттары туралы баяндады. Сонымен қатар, банктің Алматыдағы штаб-пәтері арқылы екінші деңгейлі серіктес банктермен шағын және орта бизнесті қаржыландыруды дамыту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
ЕДБ басшысы банк өзінің бағалы қағаздарын шығаруды жоспарлай отырып, Қазақстанның қаржы нарығын дамытуға да белсенді қатысатынын атап өтті. Бұл жобаларды ұлттық валюта арқылы қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
-----------------------------------------
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше