«20 маусым күні сағат 15:03-те «101» пультіне Есіл ауданындағы Қорғалжын тасжолының бойында құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ашық аумақта қамыс пен құрғақ шөп жанып жатқанын анықтады. Елордалық өрт сөндірушілер өртпен екі тәулік бойы арпалысты. Оқиға орнында ТЖМ-нің МИ-8 тікұшағы 27 рет су төкті. Кеше сағат 18:53-те өрт оқшауландырылып, бүгін сағат 05:55-те толығымен жойылды. Өрттің шығуының алдын ала себебі отты абайсыз қолдану болуы мүмкін. Жалынмен күреске 86 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұр-Сұлтан қаласында Талдыкөл маңында болған дала өрті екі тәуліктен кейін толық сөндірілді, деп жазады Egemen.kz.
Басылым • Бүгін, 08:48
Бас қалаға арналған балалар байқауы
Байқау • Бүгін, 08:45
Қоғам • Бүгін, 08:42
Жас экологтердің озық жобалары
Жоба • Бүгін, 08:40
Ғылым • Бүгін, 08:38