Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай құру мәселесін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтқан болатын. Президент бастамасынан бастау алған Ұлттық құрылтай жаңадан құрылған Ұлытау облысында, қазақ тарихында айрықша орны бар ұлт ұясы Ұлытауда жоғары деңгейде өтті.

Осынау алқалы басқосуды баршамыз асыға күткеніміз белгілі. Олардың қатарында үкіметтік емес ұйым өкілдері де бар. Бір анығы, Ұлттық құрылтай қазақстандық қоғамды ұйыстыратын орталыққа айналғанын жан жүрегімізбен сезіндік.
Қасым-Жомарт Тоқаев алқалы басқосуда жалпыұлттық бірлікті нығайту турасындағы толғамды ойларын ортаға салды.
«Демократия дегеніміз – керемет өмір туралы жалпылама ұғым, түсінік емес. Бұл – күнделікті тынымсыз еңбекті талап ететін өркениетті өмір салты. Атаққұмарлар мен алаяқтардың жалаң ұраны мен құрғақ уәдесіне алданбау қажет. Еліміздің болашағы үшін аса маңызды мәселелерді дау-дамаймен емес, ұтымды ой-пікірмен, парасатты пайыммен және саналы көзқараспен шешкеніміз абзал. Біз «түрлі көзқарас, біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануымыз қажет. Бір-біріміздің ой-пікірімізді тыңдап, құрметтей білсек, алға қадам басамыз» деген Президент сөзі баршамыздың көңілімізге қонды.
Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатыса алмаған талай азамат өз ойларын айтып жатыр. Алдағы уақытта олар да ротация ережесіне сәйкес келесі басқосуларда бой көрсетуі әбден мүмкін. Мұның барлығы да кезең-кезеңімен іске асырылатын қадамдар екеніне ешқандай күмәнім жоқ.
Ұлттық құрылтайда сөз алған белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаевтың көкейкесті ойлары жүрегіме жетті. Академиктің білім мен ғылымды өркендету туралы айтқан ойлары өзекті екеніне ешқандай таласым жоқ.
«Сөз бен істің үйлесімі, әдептілік, жаңа ұмтылыс. Осы үштаған қаперде тұрғаны жөн. «Жаңа Қазақстан құрамыз» деген ұғым дұрыс болды. Бірақ менің пікірімше, «Жаңа Қазақстан» деген сөз «Ескі Қазақстанды» терістеу деген сөз емес.
«Ескі Қазақстанда» да жаңа нәрселер көп болған. Соның жақсысын алып, жаңа сипат беріп, сол халықтың игілігіне жұмсау керек», деген ғалымның пікірі қолдауға әбден лайық екені талас тудырмаса керек.
Халық зор үміт артқан ұлттық құрылтайдың жалпыхалықтық платформаға айналатыны да қуантып отыр. Мемлекет басшысы осылайша сындарлы диалог алаңын орнатты.
Алқалы басқосуға қазақтың қаймақтары қатысқаны мәлім. Алаштың ардақты ақыны Светқали Нұржанның сөзі де жігерімізді жанығаны даусыз. Көкейдегі көп ойды қозғаған ақынға айтар алғыс зор. Сондай-ақ күллі қазақ халқы қадірлейтін белгілі ақын, күрескер тұлға Мұхтар Шахановтың Президент қолынан Қазақстанның Еңбек Ері атағын алғаны өте дұрыс шешім болды. Мұндай қадамның барлығы да бізді қуантты. Жоғарыда айтқанымдай, еліміздің кез келген азаматына диалогқа қатысуға, өз ұсыныстарын енгізуге, өз идеяларын айтуға мүмкіндік беретін Qurultay мобильді қосымшасын құруды ұсынғаны да дұрыс қадам екені рас.
Ұлттық құрылтай бұрынғы дала демократиясының жалғасына айналды. Алдағы отырыстарда да елдің көкейіндегі мәселелер қозғалып, олардың шешім табуына мұрындық болар бастамалармен жалғасын табады деген сенім мол.
Бану НҰРҒАЗИЕВА,
Қазақстан Азаматтық альянсының президенті
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар