Нашақорлық және есірткіге қарсы күрес әлем елдерінде қай кезде де өзекті мәселе саналып келеді. Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіргеніне қарамастан, есірткіге есі кеткендердің қарасы азаймай тұр. «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында еліміз бойынша қанша адам есірткінің арбауына түскені, олардың қаншасы әйел, қаншасы жасөспірім екені айтылды.

27 мамыр күні нашақорлыққа қарсы айлықтың ашылу іс-шарасында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов маңызды міндеттерді атап өтті. Соңынан журналистер мен блогерлерге арналған «Жастар арасындағы нашақорлық профилактикасының заманауи аспектілері» деген тақырыпта семинар-тренинг ұйымдастырылып, 150 қатысушыға сертификат табысталған болатын.
Бұл іс-шара 26 маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған. Осыдан 35 жыл бұрын, яғни 1987 жылдың 26 маусымында БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бұл күн нашақорлықтың жаһандық қауіп-қатерін тани отырып, есірткісіз қоғам құру туралы шешімді атап көрсету үшін белгіленген еді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша, соңғы 10 жылда есірткіге тәуелді адамдардың саны 22 пайызға өскен. Әлемде шамамен 275 миллион нашақор адам бар. Есірткі жыл сайын 500 мыңнан астам адамның өліміне себепші болып отыр.
19 миллион халқы бар Қазақстан үшін есірткіге елітудің көрсеткіштері ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіреді.
«Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, елімізде 18,5 мыңнан астам нашақор тіркеуде тұр, оның ішінде 1,5 мыңы әйел, сондай-ақ 94 жасөспірім тізімге енген. Бірақ бұл нақты тіркеуде тұрғандардың саны, ал шын ахуалға келетін болсақ, науқастар саны бұдан бірнеше есеге асып кетеді», деді Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әбдірахманов.
Министрлік өкілінің айтуынша, есірткіге тәуелділікті жою мақсатында құзырлы органдардың бірлесе еңбек етуінің арқасында көптеген ауқымды іс-шара атқарылған. Атап айтқанда, ел көлемінде «Есірткіге тәуелділік, жас айырмашылықтары, жыныстық ерекшеліктері» тақырыбында оқу семинары, есірткі және психоактивті заттарды сатудың және медициналық емес мақсатта тұтынудың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілік мәселесі туралы көңіл көтеру орындары мен түнгі клубтардың басшыларымен кездесулер ұйымдастырылған. Сондай-ақ «Есірткіге қарсы насихат», «Есірткі қылмысы үшін жауапкершілік» буклеттерін, жадынамаларын тарату, отбасы құндылықтарын дамыту үшін балаларды кино, музейге, театрларға және басқа да мәдениет орындарына апару, мектептер, колледждердің оқушылары үшін балалардың тікелей қатысуымен қызметтік иттердің мүмкіндіктерін көрсете отырып, «Есірткісіз саламатты болашаққа бірге» кинологиялық орталықтарына экскурсия және тағы басқа спорттық-мәдени іс-шаралар ұдайы өткізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар