25 Сәуір, 2014

Палуан Татьяна Аманжол Азияның чемпионы атанды

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25-04-14-borba-amanjol-2

АСТАНА. 25 сәуір. Астанада өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында қазақстандық Татьяна Аманжол чемпион атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Біріншіліктің әйелдер күресіне арналған турнирінде 48 килоға дейінгі салмақта күш сынасқан Татьяна Аманжол финалда моңғол әріптесі Нарангерель Эрденесухты 4:1 етіп ұтып, алтын медальге қол жеткізді. Бұл күні қазақстандықтарға келесі жүлде – қола медальді 67 килоға дейінгі салмақта күрескен еркін күрес шебері Дәулет Ниязбеков алып берді. Ол үшінші орын үшін таласта қырғыз Базар Бузаргуруевті 4:2 етіп ұтты. Еске сала кетейік, құрлық чемпионатының бірінші күні қазақстандықтар бірден үш медаль алды. Еркін күрес шебері Руслан Қалиев 57 килоға дейінгі салмақта чемпиондық тұғырға көтерілсе, 84 килоға дейінгі салмақта Аслах Кахидзе – күміс, ал 125 килоға дейінгі салмақта Дәулет Шабанбай қол медальдарды қоржынға түсірді. Чемпионат 27 сәуір күні мәреге жетеді. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: egemen.kz. Фото: vesti.kz.