Коронавирус • 26 Маусым, 2022

Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегінің өсуіне байланысты Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ

Бельгия мамандары денсаулығы осал топқа жататын тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасын алуы керек деп санайды. Қазір елде COVID-19 жұқтырғандар көбейіп барады. Сонымен қатар, BA.4 және BA.5 омикрон-штамына шалдығу басым.

Еуропа аурудың алдын алу және бақылау орталығы (ECDC) осы аптада бүкіл Еуропалық Одақта BA.4 және BA.5 нұсқалары өрши түсетінін, бұл науқастар санының күрт өсуіне әкелуі мүмкіндігін ескерткен болатын.

Аяна Тоғанбек