Оқиға • 26 Маусым, 2022

Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау-Орал тас жолының 41-ші шақырымында Үлкен Шаған ауылының маңында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды

Апат салдарынан ВАЗ тізгініндегі 1988 жылғы жүргізуші қаза тапты. Daewoo Nexia жүргізушісі Өзбекстан азаматы екені белгілі болды.

БҚО ПД баспасөз қызметі оның рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткенін айтты.

«23 жастағы Daewoo Nexia жүргізушісі ВАЗ көлігіне келіп соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ол ауыр жарақат алып, облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. ВАЗ жүргізушісінің денесі мәйітханаға сараптамаға жіберілді. Сонымен қатар, ВАЗ-дағы 44 жастағы жолаушы зардап шекті. Ол облыстық көпбейінді аурухананың травматология бөліміне жеткізілді», делінген БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Екі көлік те айыппұл тұрағына қойылды.

Аяна Тоғанбек