Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Amanat партиясы журналистер арасындағы «Amanat-2022 медиа сыйлығы» республикалық байқауының қорытындысын жариялады.

Салтанатты рәсім барысында партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов бұл медиа сыйлықтың 10 жылдан астам тарихы бар екенін атап өтті. Биыл жаңа форматта ұйымдастырылған байқау жанрлық сипаттан тақырыптық бағытқа ауысып, қосымша Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» және Шерхан Мұртаза мен Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» арнайы сыйлықтары енгізілді.
«Аmanat медиа сыйлығы – халықтың үздік журналистерге білдірген алғысы. Себебі журналист – халық үнін жеткізетін, мемлекет мүддесі үшін күресетін тұлға. Осы салтанатты кешке үздіктердің үздігін анықтау үшін жиналып отырмыз. Менің ойымша, журналист деген мамандықты таңдаудың өзі үздік болу. Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өте үлкен, тарихи өзгерістер жүріп жатыр. Оның мән-мазмұнын халыққа жеткізу ісі үлкен жауапкершілікті, аса зор шеберлік пен кәсібилікті талап етеді. Бұл міндетті сіздер өте жоғары деңгейде атқарып келесіздер. Байқау Жаңа Қазақстанды құру ісінде еліміздің ақпараттық кеңістігін күшейтуге ықпал етері сөзсіз», деді Асхат Оралов.
Байқау комиссиясының төрағасы, белгілі журналист, ақын, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанның айтуынша, биыл қазылар алқасына 260-тан астам өтінім жолданған.
«Биыл келіп түскен жұмыстардың 70 пайыздан астамы тек аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарынан, яғни өңірлерден жолданғаны қуантты. Жас журналистер де белсенділік танытты. Яғни отандық журналистикада қаламы төселген мэтрлермен қатар жас мамандардың тарапынан да үлкен қызығушылықты байқадық. Әрине, бұл байқау олардың шығармашылық шеберлігін шыңдай түсері анық. Amanat медиа сыйлығының басты мақсаты да сол», деп атап өтті Жанарбек Әшімжан.
Сонымен байқау комиссияның шешімімен Amanat медиа сыйлығының жеңімпаздары болып «Жаңа Қазақстанды» құру туралы үздік материал» аталымы бойынша «КТК» телеарнасының тілшісі Асқарбек Қазанғап, «Әлеуметтік мәселеге арналған үздік материал» аталымы бойынша «Прикаспийская коммуна» қоғамдық-саяси газетінің аға тілшісі Анжела Ли, «Аймақ туралы үздік материал» аталымы бойынша «Хабар24» телеарнасының Ақмола облысы бойынша тілшісі Дамир Шайдаров, «Жастар туралы үздік материал» аталымы бойынша Dalanews.kz ақпараттық агенттіктің Абай облысындағы тілшісі Қуаныш Смағұлов, «Рухани-мәдени дамуға арналған үздік материал» аталымы бойынша «Хабар» телеарнасының тілшісі Индира Жылқайдарова, «Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы туралы үздік материал» аталымы бойынша Жаңақорған аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Әлібек Жарықбаев және «Amanat партиясының трансформациясы туралы үздік материал» аталымы бойынша Президент Телерадиокешенінің режиссері Вадим Ширяев марапатталды.
Ал арнайы сыйлықтардың бірін – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығын әріптесіміз, Egemen Qazaqstan республикалық газетінің Түркістан облысы бойынша тілшісі Ғалымжан Елшібай иеленді. Шерхан Мұртаза мен Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы Qazaqstan ұлттық телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының басшысы Жалғас Алтаевқа бұйырса, «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы блогер, мотивациялық кітаптардың авторы, тележүргізуші Дәулет Мұқаевқа берілді.
Байқау жеңімпаздарының бірі Индира Жылқайдарова жаңғыру жолына түскен Amanat партиясының медиа сыйлығына ие болу үлкен мәртебе екенін атап өтті. «Amanat – елдің сенімін, аманатын арқалаған партия. Бүгінгі байқауда менің Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығы туралы жасаған бейнематериалым еленіп жатыр. Біздер, яғни журналистер қауымы, партия да елдің игілігі, қоғамның дамуы жолында қызмет етіп жүрміз. Ел қамы үшін еңбек ете беріңіздер», деді ол.
Салтанатты іс-шарада өзінің жүрекжарды лебізімен «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Әлібек Жарықбаев та бөлісті. «Осындай үлкен бәйгенің жүлдесі бұйырады деп күтпедім. Аудандық газетте жұмыс істеп жүріп, республикалық байқаудың жеңімпазы болу, біздерге шалқар шабыт сыйлап, шығармашылығымызды шыңдай түседі. Amanat партиясының сенімін арқаладық, енді осы жолдан таймай, ұлтқа қызмет етуді жалғастырамыз», деді журналист.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар