Президент • 27 Маусым, 2022

Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Koç Holding компаниясының қазіргі жұмысымен, сондай-ақ Қазақстандағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарымен танысты.

Али Кочтың айтуынша, түркиялық холдинг қорғаныс өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жобаны жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр.

Мемлекет басшысы Түркиямен арадағы ынтымақтастықтың еліміз үшін аса маңызды екеніне тоқталып, Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтты.