Спорт • 29 Маусым, 2022

Бас жүлде бұйырмады

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қала­сында таэквондодан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарысты Қазақ­станның ұлттық құрамасы сегіз жүл­демен қорытындылады.

Бас жүлде бұйырмады

Ең өкініштісі, сары құрлықтың бас­ты додасында біздің таэквондошыларға бас жүлде бұйырмады. Ондай мүмкіндік жер­лестеріміздің арасынан тек 74 кило сал­мақта сынға түскен Жансел Денизде ғана болды. Дүниежүзілік Универсиада мен Азия ойындары және бірқатар аса ірі халық­аралық жарыста жеңіс тұғырына көтерілген Жансел аталған чемпионаттың жартылай финалында Ливан спортшысына сан соқтырғанымен, финалда Иранның таэквондошысына есе жіберіп, күміс медальды мойнына ілді.

Бапкерлер Чхунчхонда Нұрлан Мырзабаев (80 кило) пен Смайыл Дүйсебайға (87 кило) айрықша сенім артқан болатын. Бірақ сақа спортшылар жартылай финалда сүрініп, қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ Рита Бәкішева (46 кило), Ботагөз Қапанова (49 кило), Жасурбек Исраилов (58 кило), Әділет Базарбаев (63 кило) және Нұрай Құсайынова (67 кило) дәл сол межеден көрінді.