Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша отандық қаржы нарығындағы пайыздық ставкаларға шолу жасады. Қауымдастық сарапшыларының айтуынша, нақты пайыздық ставка 2016 жылдан бері алғаш рет нөлге теңесті және жақын айларда теріс мәнге айналуы мүмкін.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Нақты пайыздық ставканың нөлге теңесуін түсіндіре кетейік. Нақты пайыздық ставка – базалық ставкадан инфляцияны алып тастағандағы мөлшерлеме. Қазір бізде базалық ставка да, инфляция да – 14 пайыз. Демек нақты ставка – 0 (нөл). Егер инфляция өсуін тоқтатпаса, онда алдағы уақытта нақты пайыздық ставка теріс, яғни минусқа қарай кетуі ықтимал.
«Инфляцияның базалық ставкамен бір деңгейге шығуы жағдайында елдегі қаржы-несие шарты ынталандырушы мәнге ие болды. 3-4 пайыз шегіндегі ел экономикасы үшін тепе-теңдік деңгейі кезінде экономикадағы нақты пайыздық ставка 2016 жылдан бері алғаш рет нөл болып отыр. Жақын арада ол теріс территорияға шығуы мүмкін. Сонымен қатар базалық ставка бойынша шешімдер трансмиссиясының деңгейі ақша нарығында, корпоративті несиелеу нарығында, бөлшек қорландыру мен бағалы қағаздар нарығында жоғары деңгейде қалып отыр. Бұл ретте 2021 жылы бизнеске берілген барлық несие көлемінің 24 пайызын алған бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары есепке алынып отырған жоқ», делінеді қауымдастық хабарламасында.
Олардың айтуынша, базалық ставканың өзгеруі бөлшек несиелер бойынша ставкаға әсер ете қоймаған. Сарапшылардың пайымынша, бұл бәлкім, нарықтағы клиент үшін бәсекеге орай пайыздық маржаның төмендеуімен және жеңілдетілген несие үлесінің тым көптігімен байланысты.
«Корпоративті және бөлшек несиелеу нарығының жекелеген сегменттеріндегі нақты ставка теріс аймақта. Мәселен, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және байланыс секторларындағы займ бойынша нақты ставкалар минус мәнде – (-) 0,4, (-) 2,7 және (-) 4,8 пайыз. Ипотекалық займдар бойынша – (-) 5,8 пайыз. Корпоративті қарызды орналастыру көлемі де айтарлықтай құлдырады. Бұл геосаяси дағдарысқа және жүйедегі ставкалардың жалпы өсімімен байланысты. Осы жылдың қаңтар-мамыр айларында облигацияларды орналастыру көлемі 61,5 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 6 есе төмен (былтыр 366,3 млрд теңге болған)», дейді сарапшылар.
Қауымдастық өкілдерінің сөзіне сүйенсек, ақша нарығындағы құралдар кірісінің өсімі және базалық ставканың ұлғаюынан кейін іле-шала өтімділіктің тазалана түсуі олардың тартымдылығын арттырып, ұлттық валюта мен инфляцияға деген қысымды азайтқан.
«Экономикадағы проинфляциялық қысым және инфляцияның мақсатты таргеттен (4-6 пайыз) асып кетуді жалғастыруы инфляциялық күтілімдердің одан әрі өсе түсуіне әсер етеді. Экономиканың өсуін жеделдету кезінде (2021 жылдың қорытындылары бойынша 4 пайызбен салыстырғанда, қаңтар-мамырда 4,6 пайызға дейін) монетарлық реттеуші үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елдегі бағаның одан әрі өсуін тежеу және қазақстандықтардың әл-ауқатын қолдау басымдық болып саналады», дейді қауымдастық.
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Кеше
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Кеше
Елорда • Кеше
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Кеше
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Кеше
Өнер • Кеше
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Кеше
Әдебиет • Кеше
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Кеше
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Өңірде өнім көлемі артып келеді
Аймақтар • Кеше
Абай • Кеше
Таным • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Кеше
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Кеше
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Кеше
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Кеше
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Кеше
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Кеше
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар