27 Сәуір, 2014

Қазақстандық Ерұлан Ысқақов Азияның чемпионы атанды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

00-00-erulan_iskakov-1

АСТАНА. 27 сәуір. Бүгін Астанада мәреге жеткелі тұрған күрестен Азия чемпионатында 98 килоға дейінгі салмақта Ерұлан Ысқақов чемпион атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Грек-рим күресі бойынша құрлықтың ең мықтысы дәрежесіне жеткен жерлесіміз финалда жапон жігіті Акора Осаканы тізе бүктірді. Осы күні бұған дейін тағы екі қазақстандық спортшы медальдарға қол жеткізген еді. Атап айтқанда, 66 килоға дейінгі салмақта күш сынасқан Айбек Еңсеханов пен 80 килоға дейінгі салмақтағы Азамат Қыстыбаев Азияның қола жүлдегерлері болды. Бұған дейін «классиктер» арасында 85 килоға дейінгі салмақтағы Нұрсұлтан Тұрсынов алтын медаль жеңіп алған еді. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: egemen.kz. Фото: Vesti.kz.