27 Сәуір, 2014

Футбол: «Ақтөбе» «Астананы» ұтып, топ басына шықты

324 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

0-futbaal-kairat-22-03-14-1

АСТАНА. 27 сәуір. Бүгін Қазақстанның бірнеше қаласында футболдан премьер-лига командалары арасында кезекті сегізінші турдың ойындары ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлайды. Турдың барысында «Ақтөбе» жеңіске жетіп, жеке-дара топ басына шықты. Армения құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Вардан Минасянның қарауында алаңға бірінші рт шыққан Қостанайдың «Тобылы» жеңіске жетті. Қызылорданың «Қайсары» Дмитрий Огайдың баптауымен Қарағандының «Шахтерін»сүріндірді. Астанада қала аттас команда мен ақтөбеліктердің ойынында меймандар 2:1 есебімен басым түсті. Голдарды қонақтардан Игорь Зенкович (4) пен Марат Хайруллин (44) салса, астаналықтардан  Фокси Кетевоама (15) жауап қайтарды. Ойынның екінші бөлігінде алаң иелерінің жеңісті тартып алуларына мүмкіндіктері болды. Бірақ Рохер Каньяс пен Кетевоама мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Шымкентте де осы есеп қайталанды. Алайда, онда қонақтар емес, алаң иелері басымдық көрсетті. «Ордабасы» мұнда Семейдің «Спартагын» қабылдады. Шым қала командасы сапынан Эндрю Мвесигва дубль (44, 73) жасап, командасының жеңісін қамтамасыз етті. Қарсы допты қонақтардан Неманья Чович салды (65). Сөйтіп, семейліктер кезекті жеңілістеріне ұшырады. Турнирде әлі жеңіске жетіп көрмеген команда да осы болып отыр. Алматыда Павлодардың «Ертісін» қабылдаған «Қайрат» та осындай есеппен ұтысқа жетті. Оларды Ермек Қуантаев (40) пен Аслан Дарабаевтың (43) үш минут ішінде соққан голдары осыған жеткізді. Ал меймандар ойын аяқталуға екі минут қалғанда жауап доп соқты (Предраг Говедарица, 88). Қалған ойындардың бәрі 1:0 деген есеппен аяқталды: «Тобыл» (Қостанай) — «Тараз» (Тараз) 1:0 (0:0). Гол: Анатолий Богданов (5); «Қайсар» (Қызылорда) — «Шахтер» (Қарағанды) 1:0 (1:0). Гол: Илья Калинин (60). «Жетісу» (Талдықорған) — «Атырау» (Атырау) 1:0 (1:0). Гол: Виктор Ковалев (32). Дамир Қожамқұл. Дереккөз: egemen.kz. Фото: egemen.kz.