Осыған байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хатына сәйкес және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің нұсқауымен су қоймасын толық көлемде құрғату туралы шешім қабылданды.
«Судан толық босату үшін 2-3 күн кетеді. Ластану көзін анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін аудан әкімдіктерінің (Алмалы, Әуезов), полиция бөлімінің, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімдерінің, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен экологтар арасынан жұмыс комиссиясы құрылды. Алматылықтар мен қала қонақтарынан алдағы күндері суға түсуден бас тартуды сұраймыз», делінген хабарламада.
Ластану көзі анықталып, арнайы комиссия жұмысы аяқталған соң Сайранға су қайта толтырылады.