28 Сәуір, 2014

Қазақстан Президенті Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-04-14-MGU-11

АСТАНА. 28 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазір ғана М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі дәрісін аяқтады. Мемлекет басшысы онда еуразиялық ықпалдастық тақырыбында сөз қозғады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады. Еске сала кетейік, 2001 жылы Астанада ММУ-дың Қазақстандық филиалы ашылған болатын. Осы оқиғаға түсіндірме жасай келіп, Н.Назарбаев «соның рқасында бұрыннан тарихи байланысы бар Қазақстан мен Ресейдің ғылыми білім абайланыстары бүгінде жаңа мазмұнға ие болды», - деп атап өтті. «Осының өзі ММУ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның зияткерлік және білім үдерісінде елеулі рөл атқаратынын білдіреді», - дегенеді қосты бұған Елбасы. Ақорданың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 29 сәуірде Қазақстан Президенті Ресей және Беларусь басшыларымен бірге Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмысына қатысады. Сәкен Майлыбай. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: www.spr.ru.