28 Сәуір, 2014

Одақ еркіндік пен теңдік ұстанымдары негізінде құрылады

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-04-14-MGU-1

АСТАНА. 28 сәуір. Еуразиялық экономикалық одақ еркіндік пен теңдік ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған кезінде Қазақстан Президенті осыны айтты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграцияның жаңа перспективалары туралы жасаған лекциясында өзінің осындай одақтың бастаушысы да, жақтаушысы да болып қала беретінін жеткізді. «Мен Еуразиялық одақтың мүмкін екендігінің мығым жақтасы болдым әрі болып қала берем де. Біз қазірдің өзінде оны құруға жақындап қалдық. Ол еркіндік, теңқұқылық, өзара тиімділік, әрбір елдің прагматикалық мүддесін ескеру ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс», - деді ол. Осы ретте ҚР Президенті Еуразиялық одақ идеясы көтерілген сонау 90-шы жылдары өзінің бұл бастамасы ТМД елдерінің көптеген саясаткерлері үшін түсініксіз болғандығын атап өтті. «Бүгінде ол іскерлік ортада, қоғамдық-гуманитарлық деңгейде  кең ауқымдағы қажеттілік болып отыр», - деді Елбасы. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: www.spr.ru.