Атап айтқанда, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен, қажетті жүргізу санаты және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруы жоқ жүргізушілердің балаларды тасымалдаған фактілері тіркелді.
«Жекелеген өңірлерде оқушыларды тасымалдауға бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған және балалармен жұмыс істеуге құқығы жоқ адамдар жіберілген. Кей автобустар рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден, ал жүргізушілер медициналық куәландырудан өтпеген», делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Жалпы автобус паркінің жай-күйі, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы (өрт сөндіргіштердің, қауіпсіздік белдіктерінің, жарқылдауық маяктардың, «Балаларды тасымалдау» тақтайшаларының болмауы және т.б.) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді деп танылды.
«Осы жылғы 28 сәуірде Бас прокуратура Білім және ғылым министрлігінің атына прокурорлық қадағалау актісін енгізді, оны қарау нәтижелері бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін 93 адам (оның ішінде мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, әкімдіктер қызметкерлері) тәртіптік жауаптылыққа тартылды», делінген хабарламада.
Автопаркты жаңарту және балаларды тасымалдау үшін өңірлер мектептерін автобустармен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Әкімдіктер 515 жаңа автобусты, олардың бір бөлігін алдағы оқу жылына қарай сатып алуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігімен бірлесіп тасымалдаудың (мектеп көлігімен) қауіпсіз жағдайларына оқушылар құқықтарының сақталуы белгісіне тексерулер жүргізіліп жатыр.