28 Сәуір, 2014

Президент Н.Назарбаев: «Кеңес Одағы қайта құрылмайды»

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-04-14-SSSR-1

АСТАНА. 28 сәуір. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде Кеңес Одағының қайта құрылуы мүмкін еместігін атап өтті. Бұл туралы «24 KZ» телеарнасы хабарлады. «Қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық одақ туралы әңгіме бола қалған жағдайда кейбір сарапшылар мен саясаткерлер мәселенің мәнісіне бармай жатып, болашақта Кеңес Одағының қайта құрылуы мүмкін екенін айтып,  қоғамдық пікір қалыптастыруда. Меніңше, бұл қате пікір және қазіргі біздің құрып жатқан экономикалық одақтың мақсатына мүлдем келмейді», - деді Президент. Осыған дәлел ретінде Президент мынадай мысалдар келтірді. «Біріншіден, бүгінгі таңда кеңестік қоғамдық жүйені құру үшін институционалдық база жоқ. Екіншіден, посткеңесік кеңістіктегі халықтар өздерінің дәстүрлері мен ерекшеліктеріне сай мемлекеттерін құрып алған. Үшіншіден, қазіргі жекеменшік жүйесі, әлеуметтік құрылымдар мен қоғамның экономикалық салалары кеңестік архаикадан әлдеқашан ұзап кеткен», - деді ол. Сонымен бірге Елбасы әлемдік саясаткерлердің   өңірлік интеграциялық жобалардың ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына сын көзбен қарайтындарын да жасырмады. Кездесуде Президент бұған түсіністікпен қарайтынын, өйткені, Еуразиялық экономикалық одақ болашақта басқа да әлемдік интеграциялық бірлестіктерге бәсекелес болатынын, сол үшін кейбір елдер ЕЭО-тың құрылуынан сескенетінін атап өтті. Дастан Кенжалин. Дереккөз: «24 KZ». Фото: www.e1.ru.  
Соңғы жаңалықтар