28 Сәуір, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ өзге елдерге үлгі болмақ

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 04 - N.Nazarbaev MGU

АСТАНА. 28 сәуір. «Еуразиялық экономикалық одақ өзге елдерге үлгі болған кезде ғана біз оны толық қалыптасты дей аламыз», – деді мемлекет басшысы Н.Назарбаев бүгінгі Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде берген дәрісі барысында. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады. «Қазір кез-келген қателік немесе кемшілік интеграциялық процеске деген қолдауды үзіп, оған нұқсан келтіруі мүмкін. Ал біз Еуразиялық экономикалық одақты өзге елдерге үлгі етпекшіміз. Оның қарқынды дамып, барлық қатысушы елдерге тиімді болатынын көрметпекпіз. Осыларды іске асырғанда ғана экономикалық одағымызды толық қалыптасты деп айта аламыз», – деді Елбасы. Президенттің айтуы бойынша, экономикалық одақ құру жөніндегі келіссөзде Қазақстанның бірқатар негізгі позициясы дәл осы ұйғарымдарға негізделеді. «Сонымен қатар, әріптемтеріміз біздің ұсыныстарымызға түсіністікпен қарағанын ризашылықпен айта аламын», – деді мемлекет басшысы. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Bnews.kz. Фото: Gazeta.kz.