Шиелі ауданында бір күнде Ақмая, Алғабас ауылдары газға қосылды. Осыған орай ұйымдастырылған іс-шараға аудан тұрғындарымен кездесуге келген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, осы күнді көптен күткен тұрғындарды қуанышымен құттықтады. Халықтың тұрмысына қажетті ауыз су, газ тарту, жол салу мәселелерінің кезең-кезеңімен шешілетінін айтып өтті.

– Биыл аудан орталығы – Шиелі кенті газбен толық қамтылды. Жақаев, Бидайкөл, Байсын, Н.Бекежанов, Қодаманов елді мекенінің тұрғындары «көгілдір отын» игілігін көруге мүмкіндік алды. Табиғи газ – ауылдағылардың қолын от жағып, күл шығарудан босатумен қатар, қоршаған ортаны қорғауға, орман қорын сақтауға мүмкіндік береді, – деді облыс басшысы.
Елді мекенді газдандыруды тұрғындар жыл сайынғы есепті кездесуде көтеріп келген екен. Ақмая ауылына табиғи газ тарту үшін республикалық, жергілікті бюджеттерден 460 млн теңге қаралған. Ал Алғабас ауылына 488 млн теңге бөлінген. Бүгінде ауданды табиғи газбен қамту үлесі 56,4%-ды құрап отыр.
Алдағы уақытта аудандағы Бестам, Досбол датқа, Еңбекші, Жиделіарық елді мекендеріне газ құбырын жүргізуге қажетті бюджеттік өтінім тапсырылса, Алмалы, Тәжібаев ауылдары тұрғындары «көгілдір отынға» қол жеткізу үшін жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптамаға ұсынылды.
Биыл облыста ауылдарды газдандыру бойынша 13 жобаны іске асыру басталса, оның 7-еуі осы жылы аяқталады. Нәтижесінде, 15 мыңнан астам халқы бар 7 елді мекен табиғи газға қосылып, оны тұтынатын халық санының үлесі 68 пайызға жетпек.
Шиелідегі 2 ауыл табиғи газға қосылған күні көршілес Жаңақорған ауданындағы Бірлік, Қыраш елді мекендеріне ауылішілік газ тарату желілерін тарту басталды. Осы жұмыс аяқталғанда Бірлікте 6 әлеуметтік нысан, 440 үй, Қыраш ауылында 5 әлеуметтік нысан мен 124 үй газдандырылады. Сонымен қатар аудандағы Төменарық, Шалқия, Құттықожа, Жайылма, Кейден ауылдарына газ желісін тарту жобалары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындылары алынған.
Қызылорда облысы
Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 10:30
Елімізде 622 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:17
БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Данилина Цинциннати турнирінің екінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 09:28
Вакцина салдырғандар саны артты
Коронавирус • Бүгін, 09:17
1227 қазақстандық індеттен сауықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 1169 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
Елордалықтарды жылы әсерге бөледі
Театр • Бүгін, 08:48
Спорт • Бүгін, 08:47
Спорт • Бүгін, 08:46
Спорт • Бүгін, 08:45
Спорт • Бүгін, 08:43
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Қоғам • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Музейге тарту еткен жәдігерлер
Таным • Бүгін, 08:35
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Алла үйіне «алуға» баратындар азаяр емес
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қоғам • Бүгін, 08:28
Қолдау деп осыны айт: Жас кәсіпкерлер 1,5 млн теңгенің грантына ие болды
Бизнес • Бүгін, 08:25
Қоғам • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Әскери ойындардағы алғашқы жеңістер
Қазақстан • Бүгін, 08:18
Саясат • Бүгін, 08:15
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар