Аймақтар • 05 Шілде, 2022

Алматыда жас суретшілерге арналған жаңа арт-кеңістік ашылды

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда жас суретшілердің көрмелері мен тұсаукесерлері үшін жаңа арт-кеңістік ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда жас суретшілерге арналған жаңа арт-кеңістік ашылды

Осылайша Efesartspace компаниясының Efes Kazakhstan кеңсе кеңістігі өнер саласындағы қызықты идеяларға қолдау көрсетіп, Қазақстанның мәдени мұрасы мен тарихын сақтаудың маңыздылығын еске салып отырмақ.

Efes Kazakhstan көрмелерге жас қылқалам шеберлерін ғана емес, дарынды өнер қайраткерлерін шақыруды жоспарлап отыр.

Шабыт пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын осы бастамаға ұйытқы болып отырған Anadolu Efes Group әлеуметтік саланың тұрақты даму стратегиясын іске асыру аясында 30 жылдан астам уақыт бойы бүкіл әлемдегі мәдениет пен өнерге қолдау көрсетіп келе жатқаны айта кеткен жөн.

Efeskazakhstan компаниясы Art & creative Solutions қоғамдық қорымен бірлесе отырып, бұл бастаманы жалғастырып, кескіндеме мәдениетін қолдайтын және мүлдем жаңа арт-экспириенс ұсынатын жобаны ұйымдастырды.

Жаңа арт-кеңістіктің ашылуында суретшілердің алғашқы тоғыз картинасы ұсынылды.

«Көрмеден алғашқылар қатарында орын алған заманауи суретшілер арасында Арыстан Шалбаев, Алена Welar, Аружан Жұмабек және Жанель Шахан бар. Бұл жоба компанияның кеңсе кеңістігінің бірегейлігін қалыптастыруға және жайлы жұмыс атмосферасын құруға бағытталған», дейді Art&creative Solutions қоғамдық қордың кураторы Ольга Веселова.

«Efes Art Space ұйымының идеясы – бұл Қазақстанда туындаған және жасалған дүниелерді мақтан етуге ынталандырудың тағы бір тәсілі. Біз үшін дарынды жастарды біріктіру дәстүрін жалғастыру өте маңызды. Біз мұнда шығармашылық кездесулер, презентациялар, конференциялар, суретшілер жиналыстары және басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», дейді EfesKazakhstan маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Эркан Альп.

Жаңа алаң ашылған сәттен бастап компания көрмелер өткізу мақсатында суретшілерден өтінімдер қабылдай бастаған. Оған қоса Efes Kazakhstan компаниясының өнер және шығармашылықпен байланысының айғағы ретінде Efes ArtSpace Award сыйлығы тағайындалмақ. Компания суретшілерді көрмелерге қатысуға шақыруа отырып, бір жыл ішінде туындыларды көрсету үшін кеңсе кеңістігін пайдалануды жоспарлап отыр, содан кейін кәсіби қазылар алқасының дауыс беруі негізінде ең жақсы көрмеге  арнаулы сыйлық беріледі.