Аймақтар • 07 Шілде, 2022

Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспары әзірленді

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ерболат Досаев Мемлекет басшысының мегаполиске қатысты тапсырмалары орындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспары әзірленді

Әкімнің айтуынша, қала экономикасының тұрақты өсуі қамтамасыз етілді. Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6%-ға дейін өсті.

«Осы жылдың басынан бері 16,3 мың жұмыс орны құрылды. 3,3 мың орындық 54 балабақша ашылды, 45 шақырым инженерлік желі салынды. Газбен жүретін 300 автобус сатып алынды, 145 мың ағаш отырғызылды», деді ол.

Сонымен қатар әкім қыркүйек айына дейін Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспары әзірленгенін жеткізді. Аталған жоспарда мегаполис пен Алматы облысы синергиясының жобалары айқындалады.

«Жоғары инвестициялық белсенділік байқалады, жыл басынан бері негізгі капиталға салынатын инвестициялар 20,9%-ға өсті. Қала экономикасының негізгі саласы – сауда жыл басынан бері алғаш рет 1,7%-ға өсіп, «оң аймаққа» шықты. Осы жылдың 5 айында Алматыдағы іскерлік белсенділік индексі 4 пайыздық тармаққа өсіп, мамыр айының соңында 48,7%-ды құрады. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 50%-дан астам деңгеймен оң аймаққа шығу күтіледі», деп түйіндеді ол.