6 шілдеде Алға ауданы Қарабұлақ кентінен 3 шақырым жерде 53 жастағы шаруа қожалығының басшысы мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз BAIGE мотоциклін басқару кезінде рөлді игере алмай, қырға қарай аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі Алға ауданы ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, кейін алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.
Осындай жағдай Темір ауданында да орын алды. 6 шілде күні 49 жастағы ер адам мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз RACER мотоциклімен келе жатып, рөлді басқара алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Екі жағдайда да мотокөлік жүргізушілерінің көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Аяна Тоғанбек