Қоғам • 07 Шілде, 2022

Алматы әкімі қанша жалақы алатынын айтты

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Ерболат Досаев өз жалақысының мөлшерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы әкімі қанша жалақы алатынын айтты

«Ай сайынғы лауазымдық жалақы 980 мың теңгені құрайды. Барлық мемлекеттік қызметкерлерге кейде сыйлықақы беріледі», деп жауап берді Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде журналистің сұрағына.

Ерболат Досаев 2022 жылдың 31 қаңтарында Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы қызметін атқарған.