Оқиға • 07 Шілде, 2022

Оралда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда жол апатынан жүргізуші мерт болып, алты адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 6 шілде күні сағат 19:00-де Самара-Шымкент жолындағы 3-саяжай қоғамы аялдамасы тұсында болған.

«50 жастағы жүргізуші «Фольксваген Пассат» автокөлігінің руліне ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Соның салдарынан 53 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Тойота Авенсис» автокөлігімен соқтығысады. Жол апаты салдарынан 50 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. «Тойота Авенсис» автокөлігінде отырған 1988 жылғы жолаушы әйел ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады департаменттен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 19:27-де шақыртылған. Жүргізуші жедел жәрдем жеткенге дейін қайтыс болды.

Ауруханаға жеткізілген алты адамға бастапқыда қойылған диагноздар расталмады. Олардың бәрі де амбулаторлық ем алуға жіберілді.