Гарнизон басшысы, подполковник Нұрлан Абаев министрге бөлімшелердің мақсаты, жауынгерлік мүмкіндіктері, жасақталуы мен жарақтандырылуы туралы баяндады.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов штаб, полигон, әскери атыс орындары, оқу орталығы корпустары секілді инфрақұрылым нысандарының жай-күйін қарап шығып, әскери қалашықтың тұрғын үй қорымен танысты.Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуына назар аудара отырып, әскери техниканы, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау жағдайын тексерді.
Инспекция нәтижелері бойынша генерал-полковник Руслан Жақсылықов инфрақұрылымды ұстау, оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету, жауынгерлік даярлықты және жалпы қызметтік істі ұйымдастыру бойынша бірқатар міндет қойды.