Қоғам • 08 Шілде, 2022

ЛРТ жобасы табыс әкелмейді - Алтай Көлгінов

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ЛРТ жобасы экономикалық тұрғыда еш пайда әкелмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЛРТ жобасы табыс әкелмейді - Алтай Көлгінов

«Көп ақша жұмсалды және жоба аяқталған жоқ. Оны бәріміз білеміз, айтып та жүрміз. Өкінішке қарай, осындай проблема бар. Иә, бұл жоба табыс әкелмейді. Бұл - қосымша субсидияланатын қоғамдық көліктің түрі. Бірақ келешекте ол көлік дәлізіміздің жүктемесін төмендетеді. Адамдар оны пайдалана бастаған кезде әлеуметтік жобаға айналады. Яғни, оны бизнес жоба ретінде қарауға болмайды. Табыс әкелмейді. Оның тарихын, қандай проблемалар болғанын, қанша қаражат жұмсалғанын ескерсек, сарапшылардың пікірінше, жобаны соңына дейін аяқтап, қоғамдық көлік ретінде қолданысқа беру мақсатқа сай келеді. Экономикалық тұрғыдан пайда болмайды. Ал әлеуметтік тұрғыдан қоғамдық көлік ретінде пайдаланылады деп ойлаймыз», деді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар қала басшысы ЛРТ жобасына қарызға алынған қаражатты 5 жылдың ішінде қайтару керектігін атап өтті.

«Мұның үстіне жобаны аяқтау үшін қосымша қаражат та қажет. Бірақ ол жобаның бастапқы кезеңінде көзделген қаражаттан аз. 1 млрд доллардың жартысы керек», деді елорда әкімі.

Аяна Тоғанбек