Оқиға • 09 Шілде, 2022

Қостанай облысында көлік пен жылқы соқтығысып, екі адам қаза тапты

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолында болған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында көлік пен жылқы соқтығысып, екі адам қаза тапты

«Түнгі сағат бір шамасында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолының 134-ші шақырымында жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Тағы төрт адам әртүрлі дәрежеде дене жарақатын алды. Шетелдік көлік жүргізушісі жылқыны соқты. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр», деп хабарлады полициядан.

Жылқының иесі ҚР Әкімшілік құқықбұзу кодексінің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары күре жолда жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

«Жүргізушілерге тағы да үндеу жолдаймыз: жолда абайлап жүріп, қырағы болыңыз, жол ережесін сақтаңыз, адамдардың өмірі соған байланысты», деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде облыстың тасжолдарында патрульдеу күшейтілді.