Әлем • 09 Шілде, 2022

Үндістанда су тасқыны аймағынан 15 мыңға жуық адам эвакуацияланды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның солтүстігіндегі Джамму мен Кашмир аумағындағы Амарнатх үңгір храмы аймағынан 15 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Үндістанда су тасқыны аймағынан 15 мыңға жуық адам эвакуацияланды

NDTV телеарнасының  хабарлауынша, эвакуациялау операциясына жергілікті гарнизон мен шекара бөлімдерінің әскери қызметшілері жұмылдырылған.

Жұма күні күшті муссон нөсерінен туындаған су тасқыны салдарынан кем дегенде 15 адам мерт болды. Ел билігінің мәліметінше, тағы 40-тан астам адам із-түзсіз жоғалды. Жұма күні ағын су мен көшкін шатырлар мен қоғамдық асханаларды басып, дін ұстанушылар жатқан лагерьлер балшық пен тасқа толды. Қазіргі уақытта адамдар уақытша орналастыру орындарына жеткізілуде. Құтқару топтары із-түзсіз жоғалғандарды іздеп жатыр.