Әлем • 11 Шілде, 2022

Қырғызстан тауларында мұздық құлады

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ыстықкөл маңындағы таулардың Джууку шатқалында мұздық құлады, деп хабарлайды Egemen.kz Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан тауларында мұздық құлады

«Мұздық еріп кеткендіктен Жеті-Өгіз ауданының сыртқы алқабындағы Джууку асуы опырылды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық департаментінің қызметкерлері аттанды», делінген хабарламада.

Мұздық құлаған кезде тоғыз британдық пен бір америкалық туристер тобы Джууку шатқалынан өтіп бара жатқаны анықталды. Олар мұз басқан жерден әзер өтіп үлгерген. Оқиға салдарынан екі адам жеңіл жарақат алды, қаза тапқандар жоқ.