Аймақтар • 11 Шілде, 2022

Қостанай облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы Притобольская станциясының реттелетін темір жол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты

«11 шілде сағат 14:35-те Қостанай облысының Тобыл - Құсмұрын учаскесіндегі Притобольская станциясының реттелетін темір жол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. Куәгерлердің айтуынша, «Жигули» маркалы жеңіл көлік жүргізушісі тоқтап тұрған машиналарды айналып өтіп, темір жолға шыққан. Сол сәтте жүк пойызы келе жатқан», делінген хабарламада.

Жол апатынан зардап шеккендер бар. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Пойыз сағатына 57 км жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істейді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да оқиғаның себептері мен мән-жайларын тексеру үшін комиссия құрылды.



Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25