Экология • 12 Шілде, 2022

Экология талаптарын бұзған компанияларға айыппұл салынды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде экология талаптарын сақтамай, қоршаған ортаға зиян келтірген өндіріс орындарына милилард теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы облыстың бас экологі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Экология талаптарын бұзған компанияларға айыппұл салынды

Ақтөбе облыстық экология департаменті қаланы су және жылумен қамтамасыз етіп отырған «Aqtobe su-energy group» АҚ-ын тексерді.

Тексеріс қорытындылары кәріз тазарту құрылғысы және кәріз сорғылау стансасы 1, 11 және 13 аймағында қалдықтарды уақытша жинау және сақтауға арналған арнайы орынның жоқ екенін көрсетті. Нәтижесінде сарқынды суларды өңдеу кезінде шыққан шлам құрылыс, тамақ қалдықтарымен және қатты тұртыстық қалдықпен араласатыны белгілі болды. Лай тұнбасы кәдеге жаратылмаған және қайта өңделмеген болып шықты. Сонымен бірге қалдықтар өртелген.

«Суды сынау хаттамасына сәйкес №1 су реттеуші торапқа шығарылатын су құрамында ластаушы зат мөлшерінің асып кеткені анықталды. Бұл жайында департаментке мәлімет толық ұсынылмаған. Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорынға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 18 хаттама толтырылды», деп түсіндірді облыстық экология департаментінің басшысы Талап Ұснадин.

Сондай-ақ Ақтөбе облысы экология департаменті облыс прокуратурасымен бірлесіп «GasProcessingCompany» ЖШС тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Ауаға ластаушы заттардың шығарған, жердің ластап, қалдықтарды дұрыс сақтамаған. Тексеру нәтижелері бойынша «GasProcessingCompany» ЖШС-і ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, 675 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Әкімшілік айыппұл сомасы мемлекет кірісіне ерікті түрде өндіріп алынды», деп қосты Талап Ұснадин.