Қаржы • 13 Шілде, 2022

Еуро мен доллардың құны теңесті

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуро мен доллардың құны 20 жылда бірінші рет теңесті деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуро мен доллардың құны теңесті

Биыл бірыңғай еуропалық валюта бағамы америкалыққа қатысты 14%-ға, ал өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 17,8%-ға төмендеген.

Еuronews.com сайтының жазуынша, еуро Ресейдің Украинаға шабуылынан туындаған дағдарыс салдарынан әлсіреді. Қысым көрсететін негізгі фактор — энергия тасымалдау құны және Ресей Федерациясынан газ жеткізуге байланысты туындаған қауіп.

Динамикаға Вашингтон мен Брюссельдің ақша-кредит саясатындағы айырмашылықтар да әсер етеді — ФРЖ базалық мөлшерлемелерді арттырады, ал ЕОБ оларды төмен деңгейде ұстайды.