Қоғам • 14 Шілде, 2022

Ерекше балалар ел чемпионатында бақ сынады

293 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жақында астанада CHILDREN PARALYMPIC GAMES инклюзивті спорт фестивалі және паралимпиадалық спорт түрі боччадан ел чемпионаты өтті. Жарысты алты жыл бұрын мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар құрған «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Ерекше балалар ел чемпионатында бақ сынады

Samruk Kazyna Trust әлеумет­тік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ бірнеше жылдан бері бүкіл ел бойынша «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасын іске асырып келеді. Оның аясында ерекше балаларға арналған бейімделген спорт секциялары ашылды.

Кез келген спорттағы сияқты жа­рыстар – жаттығу процесі­нің маңызды кезеңі. Спорт фес­тивалінің мақсаты – мүмкіндігі шек­теулі балалар мен жастарды тұ­рақты физикалық бел­сен­ді­лі­гіне және спортпен шұғыл­дануға ынталандыруды арттыру және бұқаралық спорт бөлі­гінде ерек­ше адамдардың мәселелеріне жұртшылық пен би­ліктің назарын аудару.

15 қаладан «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы секция­ларының тәрбиелену­шілері – бочча, голбол, бейімдел­ген шығыс жекпе-жегі (каратэ, таэквондо, дзюдо), бейімделген футбол, инклюзивті хореогра­фия, бейімделген жүзу, бейім­делген жеңіл атлетика, футбол (7*7) сияқты спорт пәндеріне қатысу үшін мүгедек балалар мен жастар келді.

Ерекше балалармен қатар фес­тиваль аясында жүзу жа­рыс­­тарына нормотиптік бала­лар да қатысты. Ең көп өңір­лік команда Павлодар об­лы­сынан келді.

Спорт түрлері бойынша спорт алаңдарының әр­қай­­сы­сында спортшылар диагноз бойынша жікте­меге сәй­кес және «тең мүмкін­дік­тер» қағи­даты бойынша басқа өңір­лерден келген қарсылас­тармен жарысты.

Фестивальмен қатар Қазақ­станның мүмкіндігі шектеулілер спорты тарихында тұңғыш рет паралимпиадалық спорт түрі боч­чадан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған тірек-қимыл аппа­раты ауыр зақым­дан­ған бала­лар мен жас­тар қатысты. Чем­пионатт­ың мақ­саты – әлемдік арена Пара­лим­пиада ойындарына одан әрі көтерілу үшін үздік боч­чис­терді анықтау. Жалпы, спорттан жоғары жетіс­тіктер спорты­на дейін жету мүмкіндігі шек­­теу­лі барлық спортшының арманы.

Фестивальға 273 қатысушы, ал боччадан ел чемпионатына 47 қатысушы қатысты. Адаптивті таэквондо бойынша жалпыкомандалық есепте Нұр-Сұлтан, адаптивті каратэ бо­йынша – Нұр-Сұлтан, адаптивті дзюдо бойынша – Шым­кент, бочча бойынша – Аты­рау және Павлодар облысы, адап­тивті жүзу бойынша – Қара­ған­ды және Ақтөбе, орта­лық фу­тбол бойынша – Алматы, адап­тивті футбол және жеңіл атле­тика бойынша Ақтөбе көш бастады.

Адаптивті каратэден екінші орын алған Жақсыбек Ильястың әкесі ұлының жетістігіне қуа­нып, осындай жағдай жасап отыр­ғ­ан азаматтарға алғысын біл­дірді. Оның айтуынша, Ж.Ильяс «церебралды сал ауруы, оң жақ­ты гемипарез, орташа дә­реже­сі» диагнозымен бала кезі­нен медициналық тіркеуде тұрады екен. Ал адаптивті каратэ секциясына қатысып жүргеніне 6 жылдан асыпты. Осы спорт арқасында баланың когнитивті, моторлық және бұлшық ет дағдыларын дамыту үздіксіз жүріп жатыр екен.

«Ұяңдау ұлым басқа балалармен оңай араласатын болды, қатарластарымен тез тіл табысады. Оның бәрі ұлыммен жоғары білікті мамандар жұмыс істегенінің жемісі деп білемін. Бұл – біздің бірінші жарысымыз емес. Ұлым осыған дейін Мәскеуде өткен адаптивті каратэ бойынша, республикалық, қалалық дәрежеде өткен жарыстардан жүлделі орын алып келеді. Әрбір жарыстан соң алған әсері ерекше және бір орнында тұрмай спорттық дағдыларын дамыту үстінде. Әр жарыстан соң жаңа белестер­ді бағындыруға деген сенімі мен құлшынысы жоғарылап келеді», деді жүлдегердің әкесі.