Үкімет • 14 Шілде, 2022

Президент Үкіметтің жұмысына орташа деген баға берді

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Үкіметтің жұмысына орташа деген баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Үкіметтің жұмысына орташа деген баға берді

«Жалпы, Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ, қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет. Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек», деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек.

«Қазақстанда экономистер, кәсіпкерлер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ, олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті», деді ол.