Аймақтар • 14 Шілде, 2022

Ақтөбе облысында көлік апатынан екі адам қайтыс болды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 шілде сағат 14:30 шамасында Жаңажол кенті мен Мұғалжар ауданының Северная труба кен орны арасында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында көлік апатынан екі адам қайтыс болды

25 жастағы УАЗ автокөлігінің жүргізушісі өндірістік аумақта Жаңажол кенті бағытында қарсы бағытқа шығып кетіп, Shacman  жүк көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан УАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Кеңқияқ кентінің ауруханасына жатқызылды. Сондай-ақ осы көліктің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.