Аймақтар • 14 Шілде, 2022

ШҚО тұрғыны 85 келі балықты заңсыз тасымалдаған

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО тұрғыны 85 келі балықты тиісті құжаттарсыз тасымалдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО тұрғыны 85 келі балықты заңсыз тасымалдаған

Маусым айының соңында ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері Күршім ауданының балық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, таңертең Алғабас ауылынан 6 шақырым жердегі саяжай жолында өз автокөлігімен 85 келі түрлі балық алып бара жатқан 49 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатқан. Ұсталған азаматтың қасында 38 келі шортан, 32 келі көксерке және 15 келі мөңке балығы болған. Келтірілген шығын 445 мың теңгеден астам сомаға бағаланады.

Жауап алу кезінде қылмыскер өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.