Ауа райы • 15 Шілде, 2022

15 шілдеге арналған ауа райы болжамы

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 15 шілде, жұма күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

15 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Антициклон Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, оңтүстік-батысы мен орталығында жауын-шашынсыз, ашық ауа райын қалыптастырады.

Ал еліміздің қалған территориясында атмосфералық фронттарға байланысты найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде - шаңды дауыл, батысында – бұршақ, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.