Медицина • 15 Шілде, 2022

Шығыс Қазақстанда хирургиялық құралдар шығару жорпарланып отыр

603 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында хирургиялық ота жасайтын құрал-саймандар шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда хирургиялық құралдар шығару жорпарланып отыр

Өңірде медицина саласын дамыту үшін шетелден заманауи жабдықтар сатып алынып, ақ халаттылар Еуропа елдеріне біліктіліктерін арттыруға аттанып жатыр. Отандық медициналық өндіріс те назардан тыс қалмаған.

Шығыс Қазақстанда хирургиялық құрал-саймандар шығару көзделуде. Бұл үшін Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Семей медициналық университеті келісімге келіп отыр.

«Медициналық университеттің тиісті патенті бар. Олар бізге хабарласып, осындай жоба ұсынды. Хирургиялық ота жасайтын құрал-саймандар жасау жоспарланған. Бірақ ол үшін тиісті жабдықтар қажет. Қазір екі университет ақылдасып, атқарылатын жұмыс алгоритмін құрып жатырмыз. Содан кейін қаржы бөлетін инвестор іздейміз», деді Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ҚЕАҚ басқарма төрағасы - ректорының міндетін атқарушы Сәуле Рахметуллина.