Ауа райы • 15 Шілде, 2022

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

249 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болып, найзағай ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Күндіз 16 шілдеде Атырау облысында 35-37 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 40 градус аптап ыстық болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

16 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-38 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстік-шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз 35 градус ыстық болады.

16 шілдеде Қостанай облысының солтүстік жартысында нөмер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал, оңтүстігінде 40 градус ыстық. Жоғары өрт қаупі бар.

Қостанай қаласында түнде нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

16-17 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Күндіз облыстың басым бөлігінде 41-43 градус ыстық болады.

Түркістан қаласында 16-17 шілдеде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 41-43 градус қатты ыстық болуы мүмкін.

Шымкентте 16-17 шілдеде күндіз 40 градус ыстық болады.

16 шілдеде түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Көкшетауда 16 шілдеде күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады.

16 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 35-37 градусқа көтеріледі.

Нұр-Сұлтанда 16 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Қызылорда облысында 43 градус ыстық болуы ықтимал. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында күндіз 43 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с дейін жетеді.

Павлодар қаласында күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың батысында нөсер жауын жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Петропавлда 16 шілдеде найзағай ойнайды.

Соңғы жаңалықтар

Өнеркәсіп қуатын арттыру міндеті

Экономика • Бүгін, 09:45

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Бүгін, 09:18

Көмірдің жылдағы жыры

Мәселе • Бүгін, 09:10

Халық тілегі қалыс қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Бүгін, 08:52

Алаяқтарға қарсы күрес күшейді

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:45

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Бүгін, 08:43