Қоғам • 16 Шілде, 2022

Қарағандыда үйлердің ауласынан жаңа туған нәресте табылды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында үйлердің ауласынан жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда үйлердің ауласынан жаңа туған нәресте табылды

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 15 шілде күні сағат 21.00 шамасында қаладағы ауруханалардың біріне жаңа туған сәби жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Сәби көпқабатты үйлердің ауласынан қорап ішінен табылған. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы жетті. Куәгердің айтуынша, ол кешкілік уақытта үйінен шығып бара жатып ауладағы орындықта тұрған картон қорабты көрген. Ішінен көрпешеге оралған сәбиді көріп жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер анасы шамамен екі сағат бұрын үй жағдайында босанғанын айтты.

«Нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келгендіктен, жағдайы әзірге ауыр. Қазір бала перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында», деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында баланың 23 жастағы анасын анықтап, ұстады. Аталған факті полицияда тіркеліп, тергеу амалдары басталды.